Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
Полицейлер үшін төтенше жағдайлар бойынша сабақтар
06.09.2013
Қостанай қаласы ІІБ инспектор-психологтары тәртіп сақшылары үшін тәжірибелік сабақтар өткізілді. Негізгі мақсат – төтенше жағдайларда әрекет етуге үйрету

Полицейлер үшін төтенше жағдай құқықбұзушылармен кездесумен қатар төтенше жағдай туындайды. Мысалы, өткен айда облыстың Қарабалық және Таран аудандарындағы тұрғылықты халық су тасқынынан зардап шекті, ондаған тұрғындардың мүліктері бүлінді. Осы оқиғаның қайнаған ортасында полицейлер жүрді, олар адамдардың аман қалуына көмектесті және жеке меншік мүліктің талануынан қорғады. Нағыз төтенше жағдай туды, полицейлер өздерінің кәсіби мамандығын көрсетті.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің психологиялық дайындықтарын қалыптастыру көп еңбекті қажет етеді. Осыған байланысты, Қостанай қаласы ІІБ псилогтары жеке құраммен күнделікті сабақтар өткізіп тұрады. Осы жолы алған теориялық материалды тәжірибелік сабақтарда бекітбекші болды. Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдай бойынша департамент және Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының маман-психологтары өздерінің жұмыс тәжірибесін құқыққорғау органдарының қызметкерлерімен бөлісті.

Семинар ұйымдастырушысының бірі Қостанай қаласы ІІБ аға инспектор-психологі полиция аға лейтенанты Айна Ыбраеваның пікірі бойынша, әр полицейдің психология бойынша нақты білімі болуы қажет.

- қызметке келгенде, ол алда тұрған қызметіне оңды көңіл күймен қарауы керек. Ең міндетті бір талап, психологиялық құралдарды дұрыс пайдалана алу – сөйлеу қатынасы, сөйлеуден басқа қатынас құралдары, кәсіби-рольдік мінез-құлық. Тәжірибе көрсеткендей, құқыққорғау органдары қызметкерінің қауіпсіздігінің негізі, алдына қойылған тапсырманың мақсатын және себеп-жағдайын терең түсіну болып табылады, сонымен бірге өзінің әрекетінің дұрыстығына және сеніміне, азаматтық, патриоттық сезіміне берік болу.

Қостанай қаласы ІІБ патрульдік полиция батальонының инспектор психологі полиция аға лейтенанты Ана Кенжебаева, әр полицей өзінің жеке кәсіби қауіпсіздігі туралы білуі қажет деп санайды. Патрульдік-пост қызметіндегі қызметкерлер қарбалас жағдайда жұмыс жасайды. Қарапайым құжаттарды тексеру, Заңды бұзушының атына ескертулер жасау, алдын алу-шараларына әңгімелесу – осының бәрі полицейлер үшін төтенше жағдай болып табылады.

Инспектор-психолог Анна Кенжебаева дөңгелек үстел қатысушыларына төтенше жағдай туралы түсіндіріп кетті, сонымен қатар тәжірибелік басшылыққа алу бойынша өзінің әзірлеген жадынамасын тапсырды.

Полицейлерге күйзелістудыратын күнделікті әр түрлі факторлар әсер етеді, оның арты қатты шаршап кетуге соқтырады. Дөңгелек үстел қатысушысы Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдай бойынша департаментінің аға инспектор-психологі өртке қарсы қызметінің аға лейтенанты Елена Бурдюг психологиялық өзін-өзі жүйелеу әдістерін және тәсілдерін көрсетіп шықты. Сонымен бірге, ТЖД-нің психологі төтенше жағдайларда жәбірленушілерге көмек көрсетудің кейбір ережелерімен бөлісті. Су тасқынының құрбандарына құтқарушылардың психологиялық көмек көрсеткендерін өз жеке тәжірибесінде болған оқиғалардан мысалға келтірді.

Қостанай облысы Мамандандырылған күзет қызметінің аға инспектор-психологі полиция аға лейтенанты Дамира Мекебаева психологиялық дайындықты қалыптастыруда басқа әдістер туралы айтып өтті. Қандай жолмен ол өзінің әріптестерін күнделікті жұмыс күніне психологиялық икемдеу, сонымен қатар «күйзеліске қарсы нүкте» атауы және тыныштандыратын дем туралы маман хабардар етті.

Дөңгелек үстелдің аяқталу барысында тосын элементерді пайдалана отырып, қатысушылармен «Часовой» жаттығуы өткізілді. Психологтар қызмет атқару кезіндегі әріптестеріне ішкі «қауіп сигналын» меңгеріп алуға көмектесті.

Сабаққа қатысқан полицейлер туралы тәжірибелік тренингтерді өткізудің мақсатқа лайықтылығын психологтар атап өтті. Бірнеше рет қиын жағдайларға түскен және оларды жеңіп шыққан адам, кезекті төтенше жағдайдан аборыймен шығуына көп мүмкіншілік бар.

Кері қарай
Бастықтың блогы

Полиция полковнигі 
Мәткенов Тілеген Советұлы