Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
Тілеген Мәткенов: «Полицейлердің көпшілігіне өз қызметін адал атқару енді түсінікті болды»

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам қол жеткізген табыстардың ірге тасы екенін көрсетті. Оның негізгі құзіреті ең алдымен азаматтардың құқығы мен бас еркін қорғауға бағытталған. Бүгіндері елімізде конституциялық заңдылықты қамтамасыз қылатын мемлекеттің тиімді механизмдері қалыптасты.

Конституция айналасында ішкі істер органдарының жұмысын қайта құруға негіз боларлық заңнама даму үстінде. Соңғы үш жыл ішінде құқық қорғау және арнайы органдарында бір қатар өзгерістер жүргізілгенін мемлекет басшысы атап өтті. Бұл мемлекетті нығайтудағы аса маңызды қадам.

Қостанай облысы ІІД бастығы полиция полковнигі Тілеген Мәткеновтен өңірдегі полиция қызметінің осы күнгі өзгерістері қалай деп сұрадық.

-Тілеген Советұлы бүгіндері полиция қызметіндегі басымдықтар қайта қаралу үстінде. Өткізілген реформалар арқасында ішкі ведомстволық басымдықты өзгертуге қол жеткізілді ме?

Бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылды, оның нәтижесіне қазіргі уақытта баға берілуде. Кезектен тыс өткізілген аттестаттау, жаңа кадрлар резервін қалыптастыру, есепке алу-тіркеу тәртібін қайта қарау жұмыстың жаңа деңгейіне шығып, басымдық құрғақ статистикадан халық сеніміне көшірілді.

«Полиция қоғам үшін ашық»-бұл жәй ғана сөз емес, оның артында іс-әрекет тұр. Мысал келтірейін, бүгіндері ІІД-не бос орындарға мамандар алу конкурстарын Қоғамдық кеңестің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қатыстыра отырып, ашық өткіземіз. Әркім лауазымға үміткердің деңгейін көре алады, бұл жас мамандардың ішіндегі үздіктерін анықтауға себін тигізеді. Жұмыстың бұл түрі екінші жағынан полиция қызметіне бақылау жасау жөніндегі Қоғамдық кеңес өкілдері ұсыныстар дайындайтындықтан, ал үміткерлердің дайындық деңгейі өсетіндігімен тиімді екенін айту керек. Бұл полиция қызметіне үздіктер ішіндегі үздігі үміт артатынын көрсетеді.

Тағы да бір мысал: «Қазақстан 2050» СТРАТЕГИЯСЫ: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында жұмыс істейтін ақпараттық үгіт-насихат тобы құрылып, жаңа форматта қызмет істейді. Полиция қызметкерлері №6697 әскери бөлімнің үрме аспаптары оркестрімен бірлесіп, аудан орталықтарына, алыстағы ауылдарға барып, өз күштерімен ұйымдастырылған концерттер көрсетеді, аудан активтерімен кездеседі, полицияның белсенді көмекшілерін наградтайды, жергілікті орында халықты қабылдайды. Осындай іс сапар барысында полиция-қоғам моделіндегі әріптестік қарым-қатынастың жаңа үлгісі қалыптасады. Аудан халқы бұндай жұмысты оң бағалап, ауыл тұрғындарының пікірінше осындай іс-шаралар полицейлердің абыройын арттырады.

-Өткізіліп жатқан реформалардағы өзекті мәселе полиция қызметкерлерінің өзі заңдылықты сақтауы

-Бұл көзқарас жұмыс басымдылықтарының бірі. Соңғы уақытта полицейлер тарапында өткізілген сот процестерінің барлығы ақпарат құралдары үшін көрнекі түрде әрі ашық болды. Бұл не береді? Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзулар кеміді. Жыл басынан бері қарамағындағылардың қисық қадам басқаны үшін 34 басшы жауапкершілікке тартылды, бұл былтырғыдан екі есе көп. Осындай фактілердің басым бөлігін Қостанай облысы ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы анықтады.

Бұл күндері облыста есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полицияның бұрынғы 11 қызметкеріне қатысты сот отырысы басталды. Осы қылмыстардың анықталуында да өзіндік қауіпсіздік басқармасының үлесі бар. Қылмыс жүйелі түрде жасалып келген, біз оны қызған темірмен аластаймыз. ІІД соттың шешімі жеке құрам алдында ашық түрде жариялануын талап етіп отыр.

Бүгіндері қызметті адал әрі таза атқару қажеттілігі, ішкі істер органдарының осы заманғы қызметкері талаптарына сай болу полицейлерге түсінікті ғой деп ойлаймын.

Алғашқы заманауй полицей үлгісіндегілер ретінде негізін 1829 жылы Роберт Пиль қалаған Лондон қаласының астаналық полицейлері деп танылады. Жұмыстың негізгі тоғыз қағидасы арасындағы жетіншісі: әрқашан халықпен байланысты үзбеу және полиция бұл қоғам, ал қоғам-полиция деген пікіріндегі тарихи ғұрыпты жалғастыру. Бұл бізге де толығымен қатысты деп ойлаймын.

Бүгіндері полицияның көптеген мұқтаждығы соның ішінде материалдық-техникалық жабдықталуы да шешімін тауып жатыр. Бұның қылмысты ашуға септігі тие ме?

-соңғы уақытта полиция жұмысына көптеген инновациялық технологиялар енгізілуде. Облыста тиімді жұмыс істеп жатқан жобаның бірі «Қауіпсіз аула» деп аталады. Облыс орталығындағы 55 аулада 60 бейне бақылау камералары орнатылып, оны учаскелік полиция бекетіндегі және облыстық ІІД жедел басқару орталығындағы қызметкерлері көріп отырады.

«Қауіпсіз аула» бағдарламасы аулада жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға шұғыл араласуға ықпал жасайды. Және де аулада тұрған камераның өзі профилактикалық шара болып табылады, ата-аналар балалары үшін қауіптебейді, автокөлік иелері көліктерінің амандығына сенімді. Жоба жұмыс істеп келе жатқан уақыт ішінде мыңдаған құқық бұзушылықтар мен ондаған қылмыстар ашылды.

Бұндай жұмыс өңірдегі қылмыс жағдайына әсер етеді. Биыл облысымызда жасалған аса ауыр қылмыстар, кісі тонау, кісі өлтіру кеміді. Бұрын сотты болғандар тарапынан жасалған қылмыстар саны төмендеді. Кәмелеттік жасқа толмағандар қылмысы төмендеуде.

-полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің бір бөлігі дене күші дайындығы. ІІД бұған деген назары қандай?

-әрине басты назар салып отырмыз. «Динамо» спорткешені жөнделді, регбиден құрама команда құралды, Қостанай қаласында волейболдан Қазақстан Республикасы ІІМ өткізген чемпионатта біздің қызметкерлер волейболдан қола жүлдеге ие болды. ІІД волейбол құрамасы Республикада ең үздіктер қатарынан саналады. Шағын футбол ойыны бойынша тұрақты түрде турнирлер өткізіліп тұрады.

Дене күшіне қойылған талаптар өте жоғары болған кезектен тыс аттестация өткізілгеннен кейін біздің көптеген қызметкерлеріміз спортпен шұғылдануға белсенділікпен кірісті. Қызметкерлеріміздің басым бөлігі қазіргі уақытта стадионда тәртіп сақшысы ретінде емес, спортшы ретінде жүр. Осындай оң бетбұрысты біз әрі қарай дамытамыз. әрбір адамның өмірдегі үлкенді-кішілі жеңісі мен табыстарының кепілі Отанына сүйіспеншілік, азаматтық борыш, төзімділік, бірлік сияқты құндылықтар тұруы керек деп ойлаймын өйткені біздің Конституциямызда осы негіздер қаланған. Ата Заңымыз құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салада қарышты қадам басуымызды қамтамасыз етеді.

Елена Кашарина

Бастықтың блогы

Полиция полковнигі 
Мәткенов Тілеген Советұлы


Читайте нас в соц.сетях: