Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
Бала трактордың резеңке доңғалағына батып кеткен
04.09.2013

1 қыркүйекте Әулиекөл ауданының Чернигов ауылында ата-анасының қарауынсыз қалған 2 жастағы бала трактордың резеңке доңғалағына толған суға тұншығып қалды.


Тергеу үстенде анықталғаны, 20 жастағы Чернигов ауыл тұрғыны түс мезгілінде балаларын ұйықтауға жатқызған. Өзі көрпе тігіп отырған. Біраз уақыттан кейін, 1 жастағы қызының жылаған даусын естейді. Бөлмеге жүгіріп келсе, қызы ұйықтап жатыр, 2 жастағы ұлы орнында жоқ болып шығады.


Жәбірленушінің айтуынша, ол Әулиекөл ауылында екі кішкентай баласымен қайын атасында қонақта болған. Күйеуі оқиға болған уақытта басқа жаққа жұмыс істеуге кеткен.


Сол күні балалар аула ішінде «жасанды бассейнде» ойыншықтарымен ойнап жүрген. Балаларды ұйықтауға жатқызып, бөлменің есігін жауып қойған. Өзі үй шаруасымен айналысып жатып, ұлы Витя далаға шығып кеткенін байқамаған. Трактордың резеңке доңғалағынан жасалған жасанды бассейнде ойыншық қалқып жүрген, сол ойыншықты ұстаймын дегенде суға құлап түскен болар деп, - жорамалдайды анасы.


Қостанай облысының ІІД Баспасөз-Қызметі

Кері қарай
Бастықтың блогы

Полиция полковнигі 
Мәткенов Тілеген Советұлы