Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
Қостанайлықтар белсенді түрде қаруларды тапсыруда
04.09.2013
Қостанай облысының тұрғындары 2 күн бойы өткізілген акция бойынша полицияға 14 бірлікте қару және 133 оқ-дәрі қаруларын ерікті түрде тапсырды деп, - Қостанай облысы ІІД қару айналымын бақылау және лицензиялық бөлімнің бастығы полиция майоры Абзал Болатов хабарлайды.

Тапсырылған түрлі қарулар арасында ТТ тапаншасы болған. Оны Қостанай қаласының тұрғыны, 57 жастағы әйел кісі полицияға тапсырған. Ол пәтерге жөндеу жұмыстарын жасау барысында тауып алған. Тапанша оның қайтыс болған әкесінікі. Сонымен қатар, оған қажетті 133 оқ-дәрісін де тапсырған. Қазіргі уақытта баллистикалық-сот сараптамасы тағайындалды. Тапанша үшін әйел кісі 50 мыңдай теңге алады.

Сонымен қатар, 2 иір ойықты винтовка және 11 тегіс оқпанды аңшылық мылтықтар тапсырылды.


Акция 1-ші қыркүйектен басталып, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне деййін созылады. Осы іс-шараға облыс тұрғындары белсенді қатысуда. 

Кері қарай
Бастықтың блогы

Полиция полковнигі 
Мәткенов Тілеген Советұлы