Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
Такси жүргізушісін заңсыз бас бостандығынан айырды
04.09.2013
Заңсыз бас бостандығынан айырылған 39 жастағы такси жүргізушісін полиция қызметкерлері босатты.

01 қыркүйек күні Рудный қаласынан Затобол поселкісіне бару үшін екі ер адам такси шақыртқан. Тағайындалған жерге жеткен соң, жолаушының бірі таксистен автокөлікті және түскен ақшаны тартып алмақшы болады. Жүргізушіні ұрып-соғып, жолаушылар оны багажға салып, Меңдіқара ауданына қарай бет алады.


Жол бойында ер адамдар тоқтап, автокөлік иесін алдыңғы орындыққа отырғызып, өздері сыртқа шығып кетеді. Автокөлік салонында қалған ұялы телефонды пайдаланып, жәбірленуші диспетчерге болған оқиға туралы хабарлаған. Сонымен қатар, ер адам тұрған жерлерін жорамалдап айтқан.


Такси диспетчері полицияға хабарлайды. Жедел-тергеу тобы құрылып және іздестіру іс-шаралары басталды. Бірнеше сағаттан соң, күдіктілер ұсталды. Бұрын сотталған, осыған ұқсас қылмысты бұрында жасағаны үшін, жазасын өтеуден жалтарғаны үшін полицияның іздеуінде жүрген 30 жастағы ер адам және оның 24 жастағы досы болып шықты.


Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің екі бабы – тонау және заңсыз бас бостандықтан айыру бойынша қылмыстық істер қозғалды. Ұсталғандар тұтқындалды. Тергеу жүргізілуде. 




Кері қарай
Бастықтың блогы

Полиция полковнигі 
Мәткенов Тілеген Советұлы