Оразалиев Молдияр Молыбаевич
 1953 жылы 16 наурызда Шымкент облысының Ленгер ауданы Георгиевка селосында туған.
КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің құқықтану факультетін бітірген (1974), заңгер.
Заң ғылымдарының кандидаты. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қылмыстық істер құқығы бойынша орта дәрежедегі қылмыстар» (2001). ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының профессоры (2003ж. бастап).
«Айыпқа тарту және айыптау қорытындысын жасау» монографиясының қосалқы авторы (2003).Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес проблемалары және ҚР Білім министрлігінің ВАК-да тіркелген басылымдарында заңнаманы жетілдіру жөніндегі ондаған мақалалар мен жарияланымдардың авторы.
Қазақ, орыс және өзбек тілдерін меңгерген.
Кәсіби мансабын 1974 жылы Шымкент облыстық атқару комитеті ІІБ қылмыстық істерді іздестіру бөлімінің аға инспекторлығынан бастаған. Еліміздің көптеген аймақтарында әртүрлі, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет істеген.
1993 жылдан бастап – Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары. 1995 жылдан бастап – ҚР МТК Ақмола облысы бойынша басқармасының бастығы. 1996 жылдан бастап - ҚР МТК төрағасының орынбасары, Экономикалық қылмыстарды іздестіру-тергеу Бас басқармасының бастығы. 1997 жылдан бастап – Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ, ІІББ бастығы. 1999 жылдың сәуірінен бастап желтоқсанына дейін – ҚР ІІМ Академиясы бастығының бірінші орынбасары. 1999 жылдың желтоқсанынан бастап – Қостанай облысының ІІБ бастығы. 2001 жылдан бастап – ҚР ішкі істер бірінші вице-министрі. 2002 жылдан бастап – ҚР ІІМ Қарағанды заң институтының бастығы. 2003 жылдан бастап Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің бастығы.
«ІІМ-гі үздік қызметі үшін» (1986), «ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» (1995), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) белгілерімен, ҚазКСР ЛКЖО ҚК(1974), Шымкент облатқарукомитеті ІІБ (1975), Қазақстан ЛКЖО ОК (1979), Шымкент қаласы ІІБ (1985) Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Мекен-жайы: Баймағамбетов, 197
Қабылдау бөлмесі: 52-60-19
|