Қостанай облысы ІІД Ардагерлер кеңесі учаскелік полиция инспекторы Сергей БУРДАКОВҚА материалдық көмек көрсетті. Оның ұлы Богдан шұғыл емдеуден өтуді қажет етеді. Бұл мәселе ІІМ еңбек сіңірген қызметкерлері назарынан тыс қалмады.
Ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкерлері қостанайлық полицейлер туралы барлық мән-жайдан тыс қалған емес. Қызметкерге көмек керек болған жағдайда ақсақалдар материалдық және моральды көмек беруге әзір. Ол «Асар» (қазақтың ұлттық дәстүрі - ұжымдық көмек) деп аталады.
Учаскелік полиция инспекторы Сергей Бурдаковтың ұлы Богдан емдеуден өтіп жатыр, емделіп шығуы үшін оған құны қымбат тұратын ота жасалуы қажет. Осы мәселе бойынша полицей көмек сұрау мақсатымен ұжымына жүгінген. Бірінші болып ардагерлер көмек берген.
Қостанай облысы ІІД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді ӨМІРБАЕВ халықтың тыныштығын сақтау жолында қылмыскерлермен заңсыз әрекеттерге қарсы тұрғандар, балалық шақты аяусыз тартып алмақ болған ауруға қарсы тұратындығын атап айтты.