2014 жылдың 19 қыркүйегінде Қостанай облысы ІІД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен электронды бірыңғай құжатайналымын толықтай пайдалану және одан әрі жетілдіру мақсатында қалалық және аудандық ішкі істер органдары кеңсе бас мамандарына арналған семинар өткізілді.
Аталмыш жиынға АҚ «НИТ» ақпараттық сүйемелдеу бөлімінің бас маманы Олег Кеклис қатысып, семинар барысында Электронды құжатайналымының бірыңғай жүйесін (ЭҚАБЖ) дұрыс қолданып, сауатты жұмыс жасау туралы тәжірибелік сабақ өткізді.
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2011 жылғы 16 қарашадағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесін бекіту туралы» № 109 бұйрығының, 2012 жылғы 14 маусымдағы өзгертулер және толықтырулармен №1-ТӨ нысандағы есептің «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы және оны құрастыру бойынша Нұсқаулықтың» талаптарына сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарынан облыстық ІІД 7 (ҚҚЕб, ӘПБ, ТБ, КЖБ, АБ, ТЕБ, Көші-қон полициясы) бөлінісінде «Айқын» жобасы енгізілді.
Айқын-жеке және заңды тұлғалар үшін ең тиімді жоба болып отыр. Оның себебі, әрбір жүгінушіге өз мәселесінің қарастырылуына жіті бақылау жасап отыруы мүмкіндігі жасалған.
Бұл жоба:
· өтініштерді қарастыру процессінің жариялылығын қамтамасыз етеді;
· олардың өтініштерін қарастыру барысы туралы мәліметтерге азаматтардың қол жетімділігін ұсынады;
· қарастыру мерзімінің бұзушылығын анықтауға көмегін тигізеді;
· азаматтардың өтініштерін қарастыру процессіне нақты уақыт режимінде прокуратура органдарының қадағалауын қамтамасыз етеді.
2015 жылдың 1 қаңтарынан «Айқын» жобасы ІІБ, ҚАІІб енгізіліп, азаматтардың жүгінулері ЭҚАБЖ базасында өтініштерді уақытында тіркеу және олардың орындалуы жүргізілетін болады.
Сонымен қатар семинар соңында ІІД ҚҚЕб жетекші маманы Ботагөз Айбасова мен бас маманның міндетін атқарушы Татьяна Уразбекова жеке және заңды тұлғалар жүгінулерінің уақытылы қарастырылуын, азаматтарды жеке қабылдауға қатысты методикалық ұсыныстар айтып, талондар кітапшасының дұрыс толтырылу ережесімен тағы бір мәрте таныстырып өтті және азаматтардың өтініштері бойынша жұмысты қажетті деңгейге қою қажет екендігін баса айтты.
Сондай-ақ семинар барысында облыстық ІІД ҚҚЕб бас мамандары қалалық және аудандық ішкі істер органдарының кеңсе бас мамандарына нормативтік-басқару құжаттарын, құпия және құпия емес құжаттарымен жұмыс барысына әдістемелік көмек көрсетті.