Қостанай қаласы ІІБ Солтүстік полиция бөлімімен 1931 жылы 03 қаңтарда туылған із-түссіз жоғалып кеткен Цой Иван Петрович іздестірілуде. Ол 2014 жылдың 24 тамызында сағат 12.00 шамасында үйінен кетіп осы уақытқа дейін оның болу жері белгісіз.
Белгілері: бойы 160-165 см., арықша денелі, еңкейген, шашы қысқа ағарған, маңдайы қасқа, көзі қара, құлағы жабысқан.
Киген киімі: қара түсті кепка, қысқа жеңді көк түсті күрте, жолағы бар қара түсті спорттық шалбар, аяғында қоңыр түсті туфли.
Ерекше белгілері: бастың қарақұс маңында 6-7 см. кесілген түрдегі тыртығы бар, қарын маңында ота жасатқаннан қалған тыртық белгісі бар, оң жақ жауырынның жоғары тұсында майлы түртік түріндегі белгі бар, өзімен бірге никельденген сұр түсті таяғы болған.
Із-түссіз жоғалып кеткен тұлғаның болу жері туралы қандай да бір ақпарат алған жағдайда Қостанай қаласы ІІБ Солтүстік полиция бөліміне келесі телефон нөмірлері бойынша: 52-69-21, 52-69-01, немесе 102 (қоңырау тегін ) хабарласуларыңызды сұраймын.