Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
Полицейлер күдіктіні жасанды ақшаны өткізу кезінде ұстады
03.09.2014
Қостанай облысы ІІД полицейлері Ақмола облысының үш тұрғынын жанармаймен  жабдықтау станциясында жасанды ақшамен есеп айырысу кезінде ұстаған.

31 тамызда күдікті Қостанай-Әулиекөл-Сурган автожолының бойындағы жанармаймен  жабдықтау орнының бірінде бензин үшін жасанды 2000 теңге ақшамен төлем жүргізген. Жанармаймен  жабдықтау орнының операторы жасанды ақшаны байқап полицейге хабар берген. Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен Ақмола облысының үш тұрғынын ұстады.

Келушілер өздерінен тәркіленген жасанды ақшалар туралы түсініктеме бере алмаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. Қазақстан Республикасы ҚК 177 бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер жергілікті тұрғындарды қырағы және сақ болуға шақырады. Жасанды ақшаларды анықтау үшін келесі алғашқы белгілерге мән беру қажет: жасанды ақша қолға ұстағанда тегіс жұмсақ болады. Негізгі ақша бедерлі, бұдырлы болады. Жасанды ақшаларда қорғаныш белгілері қара, біркелкі емес немесе мүлде жоқ болады. Сондай-ақ жасанды ақшаларда    жоғары технологиялық қорғау белгілері болмайды.

Бастықтың блогы

Полиция генерал-майорі 
Мәткенов Тілеген Советұлы