Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
Қостанай қаласының полицейлері ер адамды бір килограмм марихуанамен ұстады
03.09.2014
Қостанай қаласы ІІБ-ның есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бөлім қызметкерлері «Көкнар» жедел алдын алу іс-шараларының  өту барысында 38 жастағы Қарасу ауданының тұрғынын ұстады, одан салмағы 1 кг. 46гр. марихуанамен түйіншек тәркіленді.

         Операция барысында «Ситроен» автокөлігін Абай даңғылы бойынша тексеру үшін полицейлер тоқтатты. Тінту барысында жолаушыдан бір килограммнан артық марихуана тәркіленген болатын. Күдікті  есірткілерді сақтағаны үшін  бұрын да бірнеше рет сотталған болып шықты. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 259 бабы 1 бөлімі бойынша нашақорға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

         Қылмыстық істің шеңберінде, фигуранттың кінәсін айғақтайтын заттарды  жинауға, басқа да қылмыстық жағдайларға, сонымен бірге, қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел және тергеу шаралары жалғасуда.  

         Қостанай облысы ІІД полицейлерімен «Көкнар» жедел алдын алу іс-шаралары шеңберінде, есірткінің заңсыз айналымына  байланысты 80-нен астам қылмыс анықталған болатын, 30 килограммнан астам есірткі заттары тәркіленді.

Бастықтың блогы

Полиция генерал-майорі 
Мәткенов Тілеген Советұлы