Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
Қостанай облысында алдау арқылы бопсалап ақша алып жүрген алаяқтар қолға түсті
03.09.2014
Демалыс күндері Қостанай облысытық ІІД полицейлері алаяқтыққа қатысты екі қылмысты ашты. Әр түрлі себептер айтып алаяқтар алдау арқылы адамдардың ақшаларын алып қойған.

1 қыркүйек күні Қостанай қаласы ІІБ кезекші бөліміне арызданған 27 жастағы әйел адам, 19 тамызда белгісіз бір жас жігіт жиһаз жасап беретіндігін айтып 100 мың теңге ақшасын алдап алып кеткенін айтты.

Бағдар бойынша Қостанай облысы ІІД жедел өкілдері, облыс орталығының тұрғыны 1989 жылы туылған, күдіктіні анықтап қолға түсірді.

Осыдан бір күн бұрын ауылдастарына 50 000 теңга ақшаны қарыздар болып, қайтармай жүрген Таран ауданы  Валерьяновка селосында тұратын әйел адам қолға түсті.

Бүгінгі күндері күдіктілердің дәл осындай қылмыстарға қатысы бар жоқтығы тексерілуде. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 177 бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция азаматтарды абай болуға шақырады, ал алаяқтықтың құрбаны болған жағдайда бірден ішкі істер органдарына хабарлауды сұрайды.

 

 

Бастықтың блогы

Полиция генерал-майорі 
Мәткенов Тілеген Советұлы