Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
Тапсырған қаурлары үшін Қостанай облысының тұрғындарына 11 миллионнан астам теңге төленді.
22.08.2014
Қостанай облысының тұрғындары заңсыз сақталған қарулар, оқ дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясына белсене қатысты. Акцияға 315 астап азаматтар қатысты, олар 360 бірлік қару-жарақ тапсырды, осы есепте 39 бірлік иір ұңғылы қарулар: иір ұзын ұңғылы 34 бірлік, иір қысқа ұңғылы (тапанша, револьвер) – 5 бірлік.

«Тегіс ұңғылды 320 бірлік қару тапсырылды, соның ішінде 9 шолақ мылтық. Сонымен қатар иір ұңғылы мылтыққа арналған 251 мың теңге сомасына 12805 дана оқ дәрілер тапсырылды» –деп, Қостанай облысы ІІД лицензиялау және қару айналымына бақылау жасау бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Абзал Болатов айтып өтті.

Мысалы, 19 тамыз күні Лисаков қаласының тұрғыны өз үйін бұзу кезінде табылған тегіс ұңғылды 2 қаруды полицияға тапсырды. Өткізілген бағалық сараптаманың қортындысымен оған 70 000 теңге ақша төленетін болады.

Аталған акция өткен жылғы сәуірде басталып, ары қарай жалғасатын болады. Абзал Болатов өз сөзінде, бұл өткізілудегі 4-ші акция екендігі, оның біріншісі 2008 жылы өткендігі туралы айтып өтті. Онда тұрғындар 1101 бірліктегі қару тапсырған, 2012 жылы – 975, 2013 жылы – 614.

Автокөлікті басқару үлкен жауапкершілікті қажет етеді.

Қостанай облысында жол-патрульдік полиция қызметкерлері «Қауіпсіз жол» операциясының барысында жол ережесінің 1047 бұзылушылығын анықтап, көлік құралын мас күйінде басқарған 47 жүргізушіні ұстады, 207 жүргізуші жылдамдықты асыра пайдаланғаны үшін ұсталды. Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 224 құқық бұзушы және рөлде ұялы телефонмен сөйлескені үшін 105 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілермен 1000 астам кездесулер өткізді, онда жүргізушілердің көлік басқару кезіндегі жауапкершіліктерін түсінбей, қауіпсіздікті сақтамайтындығы туралы мысалдар келтірілді.

16 мен 18 тамыз аралығындағы үш күннің ішінде облыс бойынша үш жол көлі оқиғасы тіркелді, 4 адам қаза тауып, 7 адам зардап шекті.

16 тамызда Таран ауданында Майский – Приреченское тас жолында 51 жастағы жүргізуші, мас күйінде ВАЗ автокөлігін басқарып келе жатып, жол шетінде велосипед теуіп келе жатқан кәмілет жасқа толмаған үш баланы соққан. Соның нәтижесінде 10 жасар қыз бала және 6 жасар ұл бала зардап шекті. Үшінші бала жарақат алған жоқ. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

17 тамызда Науырзым ауданында 50 жастағы жүргізуші ішінде алты жолаушысы бар ГАЗ 3110 автокөлігімен жол жөндеу катогын соққан. Жол көлік оқиғасы қортындысында жүргізуші мен алдыңғы орында отырған жолаушы сол жерде қаза тапты, ал қалғандары әр түрлі жарақаттармен ауыруханаға жеткізілді.

18 тамызда осы ауданда 47 жасар жүргізуші дәл сол жол үстінде жол жөндеу көлігімен соқтығысқан, соның нәтижесінде жүргізуші және жолаушы жол көлік оқиғасынан қайтыс болған.

Жыл басынан бастап облыста 381 жол көлік оқиғасы тіркеліп, оның зардабынан 64 адам қаза тауып, 483 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Сонымен қатар балалардың қатысуымен 66 жол көлік оқиғасы болып, онда 3 бала қаза тауып, 73-ші зардап шекті.
Бастықтың блогы

Полиция генерал-майорі 
Мәткенов Тілеген Советұлы