Навигация
Сайт бойынша іздестіру
Cауалнама
Сіз өзіңіздің участкелік инспекторыңызды білесізбе?
Иә, білемін және өзіміздің участкелік инспектордың жұмысын оңды бағалаймын
Жоқ, білмеймін
Иә, білемін
Дауыс беру
Нәтижесі
«Допинг» және «Көкнәр» операциялары барысында Қостанай облысында 30 кг-нан астам есірткі тәркіленді.
22.08.2014
«Көкнәр» ЖАО-сын жүргізу барысында Қостанай облысы ІІД қызметкерлері есірткі қылмысының 68 фактісін, соның ішінде сату бойынша 29 факті және контрабанда бойынша 7 факті анықтады. Операцияны жүргізу кезеңінде заңсыз айналымнан 30 киллиграмнан артық түрлі есірткі заттары алынды, соның ішінде бір жарым киллограмнан астам героин, - деп Қостанай облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Лев Касенко хабарлады.

Сондай ақ аумақта полицейлер «Допинг» операциясын жүргізді. Ағымдағы жылғы тамыздың 11-нен 15-не дейін есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласында жұмыс атқаратын 12 объект тексерілді. Іс-шараларды жүргізу нәтижесінде ҚР ҚК-нің 265 бабы бойынша (Есірткілік заттарды пайдаланудың ережелерін бұзу) 2 факті анықталды. Тексеру материалдары бойынша ҚР ҚК-нің 265 бабымен бір қылмыстық іс қозғалды.

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша (Лицензиялау ережелері мен үлгілерін бұзу, лицензиялау қызметіне қойылатын біліктілік талаптардың сәйкес еместігі) 4 факті анықталды.

14-ші тамызда Қостанай қ. Гвардейская көшесінде полиция қызметкерлері 37 жастағы ер адамды ұстады, қарау кезінде жалпы салмағы 1,64 граммды құрайтын 5 бумада героин табылып, тәркіленді, оны ол сату мақсатында сақтаған.

17-ші тамызда Рудный қ. Ленин көшесінде 31 жастағы ер адам ұсталды, ол ұстау барысында салмағы 1,20 граммды құрайтын героин салынған буманы жерге лақтырған.

12-ші тамызда Рудный қаласында 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды, оның пәтерін қарау барысында жалпы салмағы 3 граммнан артық есірткілік зат героин табылды.
Бастықтың блогы

Полиция генерал-майорі 
Мәткенов Тілеген Советұлы