Арнайы мамандандырылған күзет қызметінің полиция старшинасы Марат Тавтыбаев №19 автобус желісінде тонаушыны ұстап, оны жақындағы полиция бөліміне жеткізген. 34 жастағы тонаушы бірнеше күн бұрын бір егде әйелден алтындары мен ақшасын тонап, сол үшін іздеуге жарияланған болатын.
Марат Тавтыбаев бөлім командирі, осы күні №19 маршруттық автобуспен жұмысына келе жатқан болатын. Қылмыс жасаған бірнеше тұлғаларды іздестіру бойынша бағдарлармен таныс болатын. Соның ішінде 10 тамызда Қостанай қ. 1-ші Мамыр көшесінде тонау жасаған күдіктінің белгілері де болған.
76 жастағы әйелдің үйіне түнгі сағат бірлер шамасында тонаушы кірген. Жазалаймын деп қорқытып 22 мың теңге ақшасын, ұялы телефонын және зергерлік бұйымдарын тартып алып, жалпы сомасы 170 мың теңгені құрайтын зиян келтірген. Жәбірленуші полиция шақыртып, тонаушының ерекше белгілерін айтқан, тек оны тез арада ұстау мүмкін болмады. Бағдар құрастырылып барлық патрульдерге жолданды.
- Мен бағдарда көрсетілген ерекше белгілерін есте сақтап қалдым, өйткені бұл тонау жақында арсыздықпен жасалған. Мен автобусқа кіріп, басына бас қиім киген ер адамның қасындағы бос орынға отырғанда, оның бағдарда көрсетілген күдіктіге ұқсайтынын байқадым. Бас киімін шешуді сұрағаннан кейін еш күмәнім қалмады, - деп полиция старшинасы әңгімелейді.
Полицейдің: «Менімен бірге жүріңіз», - деген сөзінен кейін, ер адам: «Сіз мені ұрлық үшін ұстайсыз ба?», - деп сұрапты. Полицей: «Тонау үшін», - деп жауап беріп, «Заводской» полиция бөліміне жеткізген.
Тексергеннен кейін полиция старшинасы қателеспегені анықталды. Жәбірленуші тонаушыны бірден таныды, және ол ұрланған заттардың бір бөлігін полицияға тапсырған.
Қырағылық танытқаны және қылмысты жедел ашқаны үшін Марат Тавтыбаевты Қостанай облысы ІІД басшылығы марапаттауға ұсынды.